08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан УЕФА рейтингінде бір саты көтерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан УЕФА рейтингінде бір саты көтерілді

Қазақстан 7 тамыздағы жаңартылған УЕФА коэффициенттер кестесінде бір саты жоғарылап, 37-орынға жайғасты. Ел Босния және Герцеговинаны, сондай-ақ Косовоны басып озды.

Бұл нәтижеге алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде братиславалық «Слованды» өз алаңында 1:0 есебімен ұтуы басты себеп болды. Бұл жеңіс Қазақстан қоржынына қосымша ұпай сыйлап, 2025/26 маусымындағы ел коэффициентін 1.625-ке жеткізді. Ал жалпы көрсеткіш 11.750 баллды құрады.

Ел намысын еурокубоктарда «Қайраттан» бөлек «Астана» да қорғауда. Дегенмен, елордалық клуб Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Швейцарияның «Лозанна» клубына 1:3 есебімен жол берді.