14.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда тең түсті

Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда тең түсті

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчы аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең тарқасты, деп хабарлайды Sport Pulse тілшісі.

54-минутта Дінмұхаммед Қараман құрама сапындағы алғашқы ойынында алғашқы голын соқты. 74-минутта Энис Барди қарымта голды соғып есепті теңестірді. Осылайша ойын 1:1 есебімеү аяқталып, Қазақстан ұлттық құрамасы бір ұпай еншіледі.

Бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен төртінші орында қалды, ал Солтүстік Македония 13 ұпаймен екінші орынға сырғыды.