18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан ұлттық құрамасы Италиямен ойнайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан ұлттық құрамасы Италиямен ойнайды

Қазақстан ұлттық футзал құрамасы Еуропа чемпионаты–2026 турниріне жолдама алу үшін шешуші матч өткізеді.

Қарсылас – Италия құрамасы. Кездесу бүгін Астана уақытымен 22:50-де басталады. Қазақстан жанкүйерлері ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Бұл матч Еуро-2026-ға іріктеудегі шешуші сынақ болып отыр. Жеңіс жағдайында қазақстандық футзалшылар турнирге жолдама алады.