20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан тумасы Оливейрамен жекпе-жегін өткізбейді

Қазақстан тумасы Оливейрамен жекпе-жегін өткізбейді

UFC файтері Рафаэль Физиев бұрынғы чемпион Чарльз Оливейрамен жекпе-жегін өткізбейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы әртүрлі ақпарат көздері мәлімдейді.

Физиевтің жарақат алғаны хабарланды. Бразилиялыққа жаңа қарсылас іздестірілуде.

Физиев пен Оливейра 12 қазанда Рио-де-Жанейрода UFC турнирінде жұдырықтасуы керек еді.