08.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан — Солтүстік Македония матчына словакиялық төрешілер тағайындалды

Қазақстан — Солтүстік Македония матчына словакиялық төрешілер тағайындалды

KazFootball.kz мәліметінше, Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчын Словакиядан келген төрешілер бригадасы басқарады — бас төреші етіп Филип Глова тағайындалды.

Әли Әлиев жетекшілік ететін ұлттық құрама мен Солтүстік Македония қонақтары арасындағы кездесу «Астана Аренада» өтеді — матч жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.

Төрешілер бригадасының толық құрамы:

  • Бас төреші: Филип Глова
  • Көмекшілері: Даниэл Полачек, Петер Беднар
  • Төртінші төреші: Петер Кралович
  • VAR: Мартин Догал
  • VAR көмекшісі: Борис Маргефка