15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус «Барысқа» ауысты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус «Барысқа» ауысты

«Барыс» телеграм-арнасының хабарлауынша, Дмитрий Бреус Нижний Новгородтың «Торпедосынан» қазақстандық клубқа жалға алу құқығымен қосылды.

21 жастағы қорғаушымен жалға алу келісімі 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған. Өткен КХЛ маусымында хоккейші «Торпедо» сапында 17 ойын өткізіп, екі ұпай жинады — бір шайба соғып, бір нәтижелі пас берді.

Айта кетерлігі, Бреус Қазақстан ұлттық құрамасы үшін ойнау тәжірибесі бар — қорғаушы бірнеше ай бұрын әлем чемпионатында ел намысын қорғады.