04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының ойыншысы қатардан шықты

Қазақстан құрамасының ойыншысы қатардан шықты

Қазақстан құрамасы мен «Тобыл» футбол клубының қорғаушысы Роман Асранкулов ертеңгі ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы бас бапкер Әли Әлиев баспасөз маслихатында мәлімдеді.

— Романның отбасында қайғылы жағдай болды. Ол маған таңертең баяндап, сұранып кетті. Бұл өмір, өкінішке орай, мұндай оқиғалар болып тұрады. Біз ойыншымызға қолдау көрсетуіміз керек, – деді Әли Әлиев.

Айта кетейік, Қазақстан 5 маусым күні Борисовте Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Араға төрт күн салып, ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды.