10.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының футболшысы жаңа клубпен ресми келісімшартқа отырды

Қазақстан құрамасының футболшысы жаңа клубпен ресми келісімшартқа отырды

«Елімай» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арсен Аширбекпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Хабарламада келесі маусымға келісімшарт жасалғаны айтылады.

Аширбек — Жамбыл облысының футбол мектебін түлегі. Кәсіби мансабын «Тараз» клубында бастаған, ал өткен маусымда «Оқжетпес» командасында ойнаған. Көкшетау клубының құрамында ол 22 матч өткізді, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Арсен Қазақстан құрамасында да дебют жасап, Бельгияға қарсы ойында алаңға шықты.

Айта кетейік, «Елімай» өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында төртінші орынға ие болып, алғаш рет тарихында еурокубокқа жолдама алды.