17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы ЦСКА клубының бас бапкері атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы ЦСКА клубының бас бапкері атанды

ЦСКА хоккей клубы жаттықтырушылар штабымен ұзақмерзімді келісімшарттарға қол қойғанын ресми түрде хабарлады. Бас бапкер қызметіне Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Игорь Никитин тағайындалды. Барлық бапкерлермен келісім 2029/30 маусымының соңына дейін күшінде болады.

Жаттықтырушылар құрамына Игорь Никитинмен бірге:

  • аға жаттықтырушы Дмитрий Юшкевич,
  • бапкер Александр Попов,
  • қақпашылар бапкері Рашит Давыдов,
  • физикалық дайындық жаттықтырушысы Дмитрий Пирожков
  • және функционалдық дайындық бойынша Владислав Брызгалов енді.

Никитин бұған дейін ЦСКА сапында 2014–2021 жылдар аралығында жұмыс істеген. Оның жетекшілігімен клуб:

  • екі мәрте Ресей чемпионы атанып (2019, 2020),
  • тұңғыш рет Кубок Гагаринді жеңіп алды (2019),
  • үш рет Континент Кубогын иеленді (2019, 2020, 2021).

2025 жылы Игорь Никитин баптаған команда тағы да Гагарин кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 2011–2018 жылдар аралығында Ресей құрамасы құрамында бапкерлік қызмет атқарып, құрамамен бірге:

  • 2012 және 2014 жылдары әлем чемпионы,
  • 2018 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

Игорь Никитин – Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Қазақстан құрамасы сапында Наганодағы Олимпиадаға және әлем чемпионаттарына қатысқан.