15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич азаматтықтан бас тартты

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич азаматтықтан бас тартты

«ЖБ-шоу» YouTube арнасының мәліметінше, Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич Қазақстан азаматтығынан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Ұлттық құрама баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен футболшының Белградқа көшіп, Сербия азаматтығын қалпына келтіргенін растады.

Жақында оның Белградқа көшіп, Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Сербия азаматтығын қайта алғанын естідім. Бұл рас, — деді Мәулен.

«Астана» құрамында өнер көрсеткен кезінде Эрич мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

  • Алты рет Қазақстан чемпионы атанды
  • Екі рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды
  • Үш рет Қазақстан Суперкубогын иеленді

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында қақпашы сегіз ресми матч өткізді.