05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚХЛ клубына ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚХЛ клубына ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы хоккейшісі Даррен Диц минскілік «Динамо» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қос тарап бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.

31 жастағы хоккейші өткен маусымды «Авангард» сапында бастап, «Автомобилист» құрамында аяқтады. Екі клубта жалпы 56 ойын өткізіп, 14 (1+13) ұпайды өз есебіне жазды.

Айта кетейік, Даррен Диц елордалық «Барыстың» сапында 2017-2021 жылдар аралығында ойнады. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының намысын үш әлем чемпионатында қорғады.