29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының бапкері Зайнутдиновтың маусым айындағы ойындарға қатысты жоспарын айтты

Қазақстан құрамасының бапкері Зайнутдиновтың маусым айындағы ойындарға қатысты жоспарын айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев түрік «Бешикташының» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатысты жоспарын жария етті.

Ол құрама сапына келіп, футболшыларды қолдайды. Біз үшін ойыншылар ішкі атмосфераны сезініп, Баханың олармен бірге екенін түсінуі — өте маңызды сәт, — деді Әлиев.

Зайнутдинов ауыр жарақатына байланысты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бастапқы ойындарын өткізіп алды — футболшы әлі қалпына келу үстінде.

Ұлттық құраманы екі маңызды ойын күтіп тұр:

  • Минскіде Беларусьпен жолдастық кездесу — 5 маусым
  • «Астана Аренада» Солтүстік Македониямен ӘЧ-2026 іріктеу ойыны — 9 маусым