25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының бапкері Өзбекстанның Әлем кубогынан бас тартуын түсіндірді

Қазақстан құрамасының бапкері Өзбекстанның Әлем кубогынан бас тартуын түсіндірді

Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Астанада өтетін Әлем кубогына өзбек командасының қатыспайтыны туралы өз пікірін білдірді.

Шынын айтқанда, солай болатынын сезген едім. Олардың келуі дұрыс болар еді. Егер Әлем кубогының екінші кезеңі Өзбекстанда өтетін болса, біз міндетті түрде барар едік. Біз екі құрамды әкелуге де рұқсат алар едік, — деді Сатжанов.

Жігіттер де: «Өкінішті, олар келмейді екен» деп, қынжылып отыр. Көрермендер мен халық алдында жекпе-жек өткізіп, шындық қайда, жалған қайда екенін көрсету жақсы болар еді. Көрермендер боксшылардың деңгейін көріп, кімге жеңіс берілмегенін көрер еді, — деп қосты қазақстандық команданың жаттықтырушысы.

Астанадағы бокстан Әлем кубогы — 33 елдің спортшыларын жинайтын ауқымды шара. Жарыс 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді, алайда Өзбекстанның ерлер құрамасы өз қатысуын растаған жоқ.