07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының ардагерлері: ұлттық команда түстерін ең ұзақ қорғағандар

Қазақстан құрамасының ардагерлері: ұлттық команда түстерін ең ұзақ қорғағандар

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары арасында көп жылдық тәжірибесі бар футболшылар тобы ерекшеленеді — олардың басты команадағы жолы өткен онжылдықтың ортасында басталған.

Сергей Малый құраманың ең тәжірибелі ойыншысы болып табылады — қарағандылық «Шахтер» сапында ойнау кезінде азаматтығын ауыстырған Украина тумасы 2014 жылдың наурызынан бастап 71 матч өткізді.

Нұралы Әліп пен Бақтиёр Зайнутдинов командаға 2018 жылдың наурызында қосылды — «Зенит» қорғаушысы 44 ойын өткізіп, қорғаныстың негізгі тұлғасына айналды, ал құрама тарихындағы үздік сұрмерген Зайнутдинов 42 матчқа қатысты.

«Астана» клубының ойыншысы Ян Вороговский — 2017 жылдың маусымынан бері команданың негізгі сол жақ қорғаушысы, оның еншісінде 55 ойын бар. 2015 жылдың қыркүйегінде дебют жасаған Исламбек Қуат 66 матч өткізсе, қазір әзірбайжандық «Сабах» сапында өнер көрсетіп жүрген қақпашы Стас Покатилов 2015 жылдың наурызынан бері құрама қақпасын 29 кездесуде қорғады.