01.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасына бұрынғы бапкер қайта оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасына бұрынғы бапкер қайта оралуы мүмкін

Қазақстан футзал құрамасын кім баптаруы мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Федерация шешімді келесі аптада жариялайды. Үміткерлер тізімінде бұрынғы циклдерден жанкүйерлерге таныс екі маман бар.

Оның бірі ұлттық құраманы екі рет баптаған бразилиялық Какау бар. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2016 жылы алғаш рет Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған. Кейін 2017 жылы оны Жозе Алесио алмастырып, Еуро-2018 іріктеу кезеңінде команданы баптады.

Дереккөздің мәліметінше, Какауға ұсынылуы мүмкін жаңа келісімшарт оның құрамаға үшінші мәрте оралуы болмақ. Бұған дейін ол Еуро-2018 алдындағы кезеңде қайта команданың тізгінін алған еді.

Еске салайық, 2018–2025 жылдары Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака болды.