18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионатында бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионатында бірінші орын алды

Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен көгалдағы хоккейден Орталық Азия елдерінің чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Финалда қазақстандықтар алаң иесі — Өзбекстан құрамасымен кездесіп, тартысты өткен ойында 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Ал әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен ойнап, қарсыластың қақпасына жауапсыз 12 гол соқты.

Биылғы чемпионатта ерлер мен әйелдер арасында бес елдің командалары бақ сынады.