30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы Италияны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан құрамасы Италияны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы Италияны жеңіп, семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден (шпага) Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда біздің спортшылар Италия құрамасын шиеленісті өткен матчта 45:43 есебімен ұтты. Бұған дейін Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Қытайды, ал 1/16 кезеңінде Ресейді жеңген болатын.

Жартылай финалда қазақстандық шпажистер Жапония құрамасымен кездеседі.