10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Қазақстан құрамасы бір орын төмендеп, 114-орынға жайғасты. Құрама еншісінде – 1165.49 ұпай.

Қазақстанның көршілес елдерінің позициясы төмендегідей:

Өзбекстан – 55-орын,

•Қырғызстан – 104-орын,

•Тәжікстан – 106-орын.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы соңғы ойынын 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға қарсы өткізді. Матч 0:1 есебімен аяқталып, қазақстандықтар жеңіліп қалды. Солтүстік Македония бұл матчтан кейін 62 орынға жайғасты.