19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу матчында Италиядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу матчында Италиядан жеңілді

Италияның Фазано қаласында Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына қатысу құқығы үшін жергілікті командамен алғашқы іріктеу матчын өткізді.

«Palasport Fasano» аренасындағы ойынды Португалиядан келген төреші Криштиану Сантуш бастаған бригада басқарды. Бастапқы құрамда алаңға шыққандар:

  • Италия: Беллобуоно, Пульвиренти, Мусумечи, Де Оливейра, Мотта
  • Қазақстан: Игита, Дарибай, Эдсон, Есенаманов, Турсагулов

Қазақстан құрамасының шабуылдағы басымдығына қарамастан, алғашқы табысқа жергілікті команда жетті — 15-ші минутта Джованни Пульвиренти есеп ашты. Үзілістен кейін Юлио Де Оливейра италиялықтардың басымдығын еселеді, ал Шыңғыз Есенаманов есеп айырмасын қысқартты — 2:1.

Қайтару матчы бір аптадан соң Астанада өтеді, онда еуропалық біріншіліктің финалдық кезеңіне қатысушы анықталады.