06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы Беларусьпен достық кездесуде ірі есеппен жеңілді

Қазақстан құрамасы Беларусьпен достық кездесуде ірі есеппен жеңілді

«Борисов-Арена» стадионында өткен достық кездесуде Беларусь құрамасы Қазақстан командасын сенімді түрде жеңді — матч 4:1 есебімен аяқталды. Кездесудің бас төрешісі ресейлік Сергей Карасев болды.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • Беларусь: Павлюченко, Карпович, Мартынович, Забелин, Прищепа, Корзун, Бочаров, Эбонг, Громыко, Шикавка, Мельниченко
  • Қазақстан: Покатилов, Вороговский, Алип, Малый, Быстров, Тапалов, Зуев, Куат, Тағыберген, Чесноков, Самородов

Алаң иелері бірінші минуттардан бастап ойын бастамасын өз қолдарына алды — 26-шы минутта Валерий Громыко Марат Быстровтың қателігінен кейін есеп ашса, 31-ші минутта Валерий Бочеров алыстан соққан добы қақпаның төменгі бұрышына кіріп, басымдықты еселеді.

Үзілістен кейін Трофим Мельниченко қазақстандық қорғаныстың кезекті қателігін пайдаланып, есепті үлкейтті. Ғалымжан Кенжебек абырой голын соқты, алайда Евгений Шикавка соңғы нәтижені белгіледі — 4:1.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын үш күннен кейін «Астана Арена» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македониямен өткізеді.