13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Солтүстік Кореямен кездеседі

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Солтүстік Кореямен кездеседі

Үндістанның Бхубанешвар қаласында қазір үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы үш кездесуде жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алды, енді ширек финалға жолдама үшін Солтүстік Кореямен ойнайды.

Әйелдер құрамасы өз тобында екінші орын алған Сингапурдан жеңіліп қалды. Ұлттық құрама енді 11-14-орындар үшін Иранға қарсы күреседі.