19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан плей-оффтың алғашқы матчында Италияға есе жіберді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан плей-оффтың алғашқы матчында Италияға есе жіберді

Қазақстан ұлттық футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу плей-оффындағы алғашқы ойында Италиядан 1:2 есебімен ұтылды.

Матчқа бірқатар ойыншы қатыса алмады: сары қағаздарының санына байланысты Біржан Оразов пен Лео шет қалды, жарақатына байланысты Жахангир Рашит те көмектесе алмады. Есесіне, жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықов құрамға оралды.

Ойын барысы:

  • Италия алғашқы кезеңде-ақ басымдық алып, 15- және 29-минуттарда екі гол соқты;

  • Қазақстан құрамасының голын 32-минутта Шыңғыс Есенаманов соқты.

Қарымта кездесу 23 қыркүйекте Астанада өтеді. Құрамаға келесі кезеңге шығу үшін міндетті түрде жеңіс қажет.