26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолдастық матч өтпейтін болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолдастық матч өтпейтін болды

Қараша айына белгіленген Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу болмайтын болды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, матчтың өтпей қалуына Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың әрекеті себеп болған. Ол тараптар толық келісімге келместен бұрын ойын туралы жариялап жіберген. Соның салдарынан екі федерация арасында түсінбеушілік туындап, келісім бұзылған.

Қазақстан футбол федерациясы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Осыған дейін екі құрама 7 рет кездескен: Қазақстан бір рет жеңіске жетсе, үш ойында тең түсіп, үш мәрте өзбекстандықтарға жол берген. Соңғы рет 2022 жылдың 16 қарашасында өткен жолдастық кездесуде Өзбекстан 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.