25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан кубогының жартылай финалының матчтары өтеді

Қазақстан кубогының жартылай финалының матчтары өтеді

Бүгін Қазақстан футбол кубогының жартылай финалындағы алғашқы кездесулер өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сағат 18:00-де Петропавлда «Қызылжар» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы тартысты матч басталады. Ал сағат 20:00-де алаңға Қостанайдың «Тобылы» мен елордалық «Жеңіс» шығады.

Екі ойын да тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, жартылай финал екі кездесуден тұрады. Қарымта матчтар 30 тамызға жоспарланған. Ал турнир финалының нақты күні әзірге белгісіз.