29.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан кубогында алғашқы финалист анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан кубогында алғашқы финалист анықталды

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының қарымта матчында шымкенттік «Ордабасы» Петропавлдың «Қызылжарын» қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Кубоктың екінші жолдамасы ертең анықталады:

  • 29 тамыз, 19:00«Жеңіс» (Астана) vs «Тобыл» (Қостанай). Бірінші матчта қостанайлықтар 2:1 есебімен басым түскен.

Биылғы Қазақстан кубогына Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига командаларын қосқанда барлығы 30 команда қатысты. Алдымен төменгі лигалар іріктеу кезеңін өткізіп, үздік екі клуб 1/8 финалда Премьер-лига өкілдеріне қосылды.

Турнир жеңімпазы 2026 жылғы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.