02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Беларусь астанасы Минск қаласында бокстан Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Владимирович Ботвинникті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа түрлі елдерден, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусь елдерінен 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.

Бұл турнирде Қазақстан спортшылары төрт қола медаль жеңіп алды. 46 келі салмақта Уәлихан Рамазанов көзге түссе, 50 келі салмақта Адийхар Руслан мен Сатыбаев Әлихан үшінші орын алса, 60 келі салмақта Саят Қаратаев командаға тағы бір қоланы әкелді.