15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан футзал құрамасы Өзбекстанмен кездесуге дайындық тізімін жариялады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан футзал құрамасы Өзбекстанмен кездесуге дайындық тізімін жариялады

Қазақстан ұлттық футзал құрамасы Өзбекстанға қарсы өтетін екі бақылау ойынына арналған дайындық құрамын жариялады.

Пауло Рикардо Кака жаттықтыратын команда 16 және 18 қазан күндері Ташкент қаласында өзбекстандықтармен кездеседі. Бұл матчтар алдағы халықаралық турнирлер алдындағы дайындық кезеңінің бір бөлігі болмақ.

Қақпашылар: Талғат Өтепбергенов, Бақдәулет Өмірзахов, Артур Галиханов.
Алаң ойыншылары: Альберт Ақбаликов, Иван Марахов, Эдсон Гомес Дос Сантос, Александр Дерябин, Біржан Оразов, Азат Валиуллин, Ілияс Болекбаев.