25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан футбол құрамасының баспасөз қызметінің басшысы қызметінен кетті

Қазақстан футбол құрамасының баспасөз қызметінің басшысы қызметінен кетті

Қазақстан футбол құрамасының баспасөз қызметінің басшысы Ермұхаммед Мәулен команда құрамындағы жұмысын тоқтататынын мәлімдеді.

Қазақстан құрамасының баспасөз қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Бұл жұмысты жалғастырудың мәнін көрмеймін. Өзімді қинап, жүйке жүйеме зиян келтірудің қажеті жоқ. Айту қажет ойларымды жеткізе алмаған сәттер көп болды. Енді өз пікірімді ашық айтқым келеді. Қазақстан құрамасының жанкүйері өмірімнің соңына дейін боламын деп сенемін. Менсіз футбол тоқтап қалмайды. Әрі қарай өздеріңіз…

Маман бұл қызметті 2025 жылдың ақпан айынан бастап атқарған — оның ұлттық командадағы жұмысы төрт айға созылды.