22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан футбол федерациясының болашақ президенті аталды

Қазақстан футбол федерациясының болашақ президенті аталды

Қазақстан ұлттық құрамасының медиа-офицері Әлімжан Асқар «Yessen Yeleuken» YouTube-арнасында Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті Тимур Турлов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

— Мен Тимур Русланұлы Турловтың Қарағанды облыстық футбол федерациясының президенті болып тағайындалуына өте қуандым. Ойымша, бұл шегі емес. Болашақта Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына тағайындалудың алғашқы қадамы ғана. Себебі, Марат Талғатұлы Омаров өмір бойы президент болып қалмайды ғой. Одан кейін сайлау өтеді. Егер оның Қарағанды облысындағы командасының жұмысы сәтті болса, онда Тимурдың жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары болады деп ойлаймын, — деді Әлімжан Асқар.