15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан ескек есуден Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан ескек есуден Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделі орынға табан тіреді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі қола медаль иеленді. Анастасия Ананьева мен Александр Куликов жекелей каноэ жарысында үшінші орынға тұрақтап, құрлықтық додада Қазақстан қоржынына жүлде салды.

Айта кетейік, бұған дейін Екатерина Таранцева жекелей байдарка сайысында күміс медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде қазір үш медаль бар: бір күміс және екі қола.