13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан Дэвис кубогында Оңтүстік Кореядан жеңілді

Қазақстан Дэвис кубогында Оңтүстік Кореядан жеңілді

13 қыркүйекте Қазақстан теннис құрамасы Дэвис кубогының Әлемдік топ I плей-офф кезеңіндегі сырт алаңдағы кездесуде Оңтүстік Кореядан 1:3 есебімен ұтылды.

Үш ойыстан кейін Оңтүстік Корея 2:1 есебімен алға шықты. Төртінші матчта Дмитрий Попко екі сетте Чон Хеннен жеңілді – 3:6, 5:7.

Алғашқы күні Александр Шевченко Чон Хенді ұтса, кейін Александр Бублик Квонға бір сетте жол берді. Одан кейін жаңбырға байланысты ойын 13 қыркүйекке шегерілді.

Квонмен өткен матчтың алғашқы сетінде Бублик жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Осылайша Оңтүстік Корея есепті теңестірді. Кейін жұптық кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Пак Сун мен Нам Суннан жеңілді.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!