20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан чемпионы Владимир Боровков «Торпедоға» ауысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан чемпионы Владимир Боровков «Торпедоға» ауысты

PRO Ligasy-да кезекті ауыс-түйіс орын алды. Қазақстан чемпионы атанған кокшетаулық «Арланның» 31 жастағы шабуылшысы Владимир Боровков Өскеменнің «Торпедо» клубына ауысты.

Meta-ratings.kz мәліметінше, «Торпедо» Боровковпен келісімшартқа отырған. 2024/2025 жылғы маусымда ол «Арлан» сапында 53 матч өткізіп (плей-оффты қоса алғанда), 23 шайба соғып, 16 нәтижелі пас берген.

Қызығы, Боровков бұған дейін де «Торпедо» жүйесінде ойнаған — 2015/2016 және 2016/2017 жылдары фарм-клубтарда («ШҚО» және «Алтай Торпедо») және негізгі команда сапында Жоғары хоккей лигасында (ВХЛ) өнер көрсеткен. 2017 жылдан бастап «Горняк», «Ертіс», «Арлан», «Бейбарыс» және «Сарыарқа» командаларында ойнады.

Айта кетейік, бұған дейін «Арланды» Фёдор Хорошев («Торпедо»), Владимир Волков («Сарыарқа») тастап кеткен, ал Данил Парамонов «Адмирал» клубының қарауына жол тартуы мүмкін.