16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан чемпионы «Қайраттың» Чемпиондар лигасының рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстан чемпионы «Қайраттың» Чемпиондар лигасының рейтингіндегі орны белгілі болды

Беделді Goal порталы Чемпиондар лигасы қатысушыларының еурокубоктың ағымдағы маусымында жеңіске жету мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингті «Барселона» бастап тұр. Қазіргі чемпион ПСЖ екінші орында. Үшінші орынды өткен маусымдағы АПЛ титулының жеңімпазы «Ливерпуль» иемденіп тұр.

Алматылық «Қайрат» рейтингте 35-орынға тұрақтады. Дегенмен, бұл фавориттер тізіміндегі соңғы орын емес. Соңғы орында Әзірбайжанның «Карабах» командасы.