04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан чемпионаты плей-офф ойындарының күнтізбесі анықталды

Қазақстан чемпионаты плей-офф ойындарының күнтізбесі анықталды

Футзалдан Қазақстан чемпионаты плей-офф ойындарының күнтізбесі белгілі болды.

Жартылай финалда «Семей» «Ақтөбемен» кездессе, алматылық «Қайрат» «Атыраумен» шеберлік байқасады. Жартылай финал ойындары 7 маусымда басталады.

Жартылай финалда жеңімпаз үш жеңіске дейін белгіленген. Ал 3-орын үшін командалар екі жеңіске дейін бәсекеге түссе, финалда жеңімпаз үш жеңіс бойынша анықталады.

Командалар 7, 8, 13 маусым күндері үш кездесу өткізеді. Қажет болған жағдайда 13, 14, 18 маусымда қосымша ойындар көзделген. Ал 23, 27, 28 маусымда командалар 3-орын үшін таласса, 23-24, 28-29 маусымда және қажет болған жағдайда 5 шілдеде финалдық ойындар өткізіледі