05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан бокстан Азия чемпионатындағы төрешілікке ресми түрде наразылық білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан бокстан Азия чемпионатындағы төрешілікке ресми түрде наразылық білдірді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі бірдей жекпе-жекке байланысты ресми түрде төрешілікке наразылық білдірді. Бұл туралы «Бей в кость» Telegram-арнасы хабарлады.

Наразылықтың басты себебі – 75 келі салмақтағы ширек финалдық кездесу, онда Аман Қонысбек төрешілер шешімімен өзбекстандық Шавкатжон Болтаевқа есе жіберді. Қазақстан тарапы бұл шешіммен келіспей, ресми шағым түсірді.

Бұған қоса, тағы бір даулы жекпе-жек – Нұрзат Оңғарұлы мен индонезиялық Тахумил арасындағы кездесу де наразылыққа себеп болды. Қазақстан бұл екі жекпе-жек бойынша бірден екі ресми протест жолдады.

Айта кетейік, бұрын Asian Boxing ұйымының регламентіне сәйкес төрешілер шешіміне ресми шағым түсіруге тыйым салынған еді. Алайда биылғы турнир барысында Үндістан мен Иран боксшыларының да қатысуымен болған бірнеше даулы жекпе-жектерден кейін ереже жеңілдетіліп, ресми наразылық білдіруге мүмкіндік берілді.

Қазіргі таңда шағымдар қаралып жатыр. Қорытынды шешім алдағы уақытта жарияланады деп күтілуде.