03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті тағайындалды

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті тағайындалды

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстан бокс федерациясы президентінің жарлығымен Әжібеков Оспан Даниярұлы ҚБФ қоғаммен байланыс және бизнес өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Оспан Әжібеков — 31 жаста, құрамына Europharma, Sandyq, Tary, Pana және Meloman кіретін «Akniet Group» компаниялар тобының байқаушы кеңесінің мүшесі.