Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі биыл да елімізде өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елордада дзюдодан әлемнің ең мықты балуандары бас қосатын халықаралық «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді. Дәстүрлі дода биыл үшінші рет ұйымдастырылады.

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл турнирдің нәтижелері Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) рейтингінде есепке алынып, балуандарға Олимпиада мен әлем чемпионатына жолдамаға қажетті ұпайлар беріледі:

  • 1-орын – 1000 ұпай
  • 2-орын – 700 ұпай
  • 3-орын – 500 ұпай

Айта кетейік, Grand Slam — дзюдо әлеміндегі беделді турнирлердің бірі саналады. Қазақстан осындай доданы өткізу арқылы халықаралық аренадағы абыройын арттырып келеді.