11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан балуандары Германия Гран-приінің командалық есебінде топ жарды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан балуандары Германия Гран-приінің командалық есебінде топ жарды

Дортмундте өткен грек-рим күресінен халықаралық «Германия Гран-приі» турнирінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Отандастарымыз жарысты жеті жүлдемен аяқтады. Алтын медаль иегерлері:
– Бағдат Сабаз (67 кг)
– Демеу Жадыраев (77 кг)

Күміс жүлде иегерлері:
– Ербол Қамалиев (60 кг)
– Омар Сатаев (82 кг)

Қола медаль иегерлері:
– Айбек Сабырбеков (60 кг)
– Асаухат Мұхамадиев (63 кг)
– Мейіржан Шермаханбет (67 кг)

Бұл нәтиже қазақстандық балуандарға Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірінде қарсыластарын артта қалдырып, медальдық есепте көш бастауға мүмкіндік берді.