27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан әйелдер құрамасы Венгрияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан әйелдер құрамасы Венгрияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Біріккен күрес әлемі (UWW) Будапештте (Венгрия) өтетін рейтингтік турнирге қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

UWW әйелдер күресі бойынша ұлттық құрамалардың өтінімдерін ресми түрде жариялады.

Қазақстан атынан бұл жарысқа жеті балуан қатысады:

  • 50 келіге дейін: Светлана Анкичева
  • 53 келіге дейін: Зейнеп Баянова
  • 57 келіге дейін: Нилуфар Раимова
  • 62 келіге дейін: Тыныс Дүбек
  • 68 келіге дейін: Ирина Казюлина
  • 72 келіге дейін: Жәмила Бақбергенова
  • 76 келіге дейін: Эльмира Сыздықова

Айта кетейік, турнир 17 шілдеде басталады.