04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургтен жеңіліп, С лигасында қалды

Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургтен жеңіліп, С лигасында қалды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы маңызды ойында Люксембургке есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмады. Есеп – 1:3.

Біздің команда есепті ерте ашты – 15-минутта Жұмабайқызы қақпаны дәл көздеді. Алайда екінші таймда Люксембург таразы басын теңестіріп, артынша екі голмен жауап берді. Қонақтар сапынан Миллер, Дос Сантос және Мини көзге түсті.

Нәтижесінде Люксембург Лига B-ға жолдама алса, Қазақстан Лига C-да қала береді. Ал өз топтарында екінші орын алған Кипр мен Косово Түркия және Албаниямен плей-офф ойнап, келесі кезеңге шығуға таласады.