11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан әйелдер құрамасы Ираннан басым түсіп, топта көш бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан әйелдер құрамасы Ираннан басым түсіп, топта көш бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнам астанасы Ханойда өтіп жатқан волейболдан Орталық Азия Ұлттар кубогы аясындағы төртінші кездесуін Иранға қарсы өткізіп, сенімді жеңіске жетті.

Тартысты өткен матчта отандастарымыз 3:1 есебімен басым түсті. Партиялар нәтижесі: 25–14, 25–18, 22–25, 26–24. Бұл жеңіс Қазақстан үшін турнирдегі аса маңызды нәтижелердің бірі болды.

Осылайша, әйелдер құрамасы В тобында көш бастады. Команданың жаттықтырушылар штабы ойыншылардың тәртібі мен тактикалық дайындығына жоғары баға беріп отыр.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Филиппиндерге қарсы өткізеді.