30.10.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Қазақстан әйелдер құрамасы — әлемнің үздік командалары арасында

Қазақстан әйелдер құрамасы  — әлемнің үздік командалары арасында

Билли Джин Кинг кубогы әйелдер командалары арасында жаңартылған әлемдік рейтингіде Қазақстан құрамасы жетінші сатыға тұрақтап, үздік ондықтағы орнын сақтап қалды.

Қазақстан командасы Аустралия, Чехия, Германия, Франция және Бельгия сияқты теннис дамыған елдерді артта қалдырды, бұл үлкен табыс болып есептеледі. Рейтингіде үздік үштікте — Италия, АҚШ және Ұлыбритания.

Табысты маусым және сенімді ілгерілеу

2025 жылы Қазақстан құрамасы әлемдік теннистің элитасына кіретінін тағы бір дәлелдеді.  Аустралияның Брисбен қаласында іріктеу кезеңінде біздің қыздар Аустралия мен Колумбияны тізе бүктіріп, әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық сатысына үшінші рет жолдама алды.

Қытайдың  Шэньчжэнь қаласында қыркүйекте өткен финалдық кезеңде Қазақстан командасы ширек финалда турнир тарихында ең табысты құрамалардың бірі, атышулы АҚШ-қа тартысты бәсекеде 1:2 есебімен жол берді.

Елена Рыбакина — құрама жүрегі және көшбасшысы

Сабырлы, ұстамды, бірақ мықты көшбасшы Елена Рыбакина ұлттық құраманың табысына сүбелі үлес қосып келеді. Ол өзінің үлгісімен және ойынымен бүкіл елде әріптестері мен теннис жанкүйерлерін шабыттандыруда. Елена ерекше күш-қуат, интеллект пен салқындылыққа ие, Қазақстанды бірнеше жыл бойы әлемдік теннис шыңына жетелеуде.

Үш жыл бұрын Уимблдон-2022 турнирінде финалда Онс Жаберді ұтып, қазақстандықтар арасынан алғаш рет чемпион атанып, өз есімін тарихқа жазды. 2023 жылы Рыбакина Australian Open турнирінің финалына дейін жетіп, WTA әлемдік рейтингісінде үшінші орынға көтерілді — бұл оның спорттық жолындағы үздік көрсеткіші. Қазіргі кезде оның есебінде WTA-ның 10 титулы бар, биыл мамыр айында Страсбургте WTA 500 жарысында жеңімпаз атанды. Ал қазанда Қытайдағы Нинбода дәл осындай WTA 500 турнирінде үздік шықты.

Билли Джин Кинг кубогындағы Елена Рыбакинаның рекордтары

Турнирдегі дебюті: 2021 жыл

Жеңіс пен жеңілістер балансы (жекелей сын): 10–1

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!