24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан әйелдер бокс құрамасы Англияда тарихи турнирге дайындалуда

Қазақстан әйелдер бокс құрамасы Англияда тарихи турнирге дайындалуда

ҚБФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан әйелдер бокс құрамасы тарихи турнирге дайындалу үшін Шеффилдке келді.

Бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен команда 2003 жылы ашылған заманауи көпспорттық орталық — Ағылшын спорт институтында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

World Boxing қолдауымен өтетін алда тұрған әлем чемпионаты алғаш рет осындай форматта өтеді — жарыс 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтеді.