13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан 2029 жылы өтетін ITF Таэквондо әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды

Қазақстан 2029 жылы өтетін ITF Таэквондо әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды

Таэквондо халықаралық федерациясы (I.T.F.) Италиядағы әлем чемпионаты барысында кезекті конгресін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жиналыс барысында кезекті әлем чемпионатының қожайынын анықтап, Қазақстан (43 дауыс) мен Қырғызстан (26 дауыс) шешуші сынға дейін жетті. Нәтижесінде Қазақстан айтарлықтай басымдықпен 2029 жылы өтетін ITF Таэквондо әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.

Сондай-ақ, Таэквондо I.T.F. ұйымының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада Қазақстан Республикасындағы таэквондоның дамуына қосқан үлесі үшін Ерлан Ысқақовқа (Исекешев) Құрмет ордені табысталды. Марапатты жеке өзі Халықаралық Таэквондо Федерациясының Президенті, профессор Ri Yong Don тапсырды.

Біздің ұлттық құрамамыз бұл жаһандық додаға барлық жас санаттарында (14–15, 16–17, 18–34, 35–55 жас) сынға түсуде.