09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде Солтүстік Македониямен маңызды матч өткізеді

Қазақстан 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде Солтүстік Македониямен маңызды матч өткізеді

Бүгін «Астана Аренада» 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македония командасымен кездеседі.

Астана уақытымен 18:50-де басталатын матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Букмекерлер қонақ команданы фаворит санайды.

Магомед Адиевтің шәкірттері матчқа үш ұпаймен келеді — Уэльстен жеңілгеннен кейін (1:3) қазақстандықтар Лихтенштейнді жеңді (2:0). Солтүстік македониялықтар бес ұпай жинады — Лихтенштейнді ойсырата жеңіп (3:0), Уэльс және Бельгиямен тең ойнады (екі матч та 1:1).