06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарға 33 спортшы жібереді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарға 33 спортшы жібереді

7–17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Дүниежүзілік ойындар өтеді. Аталған көпсалалы спорттық додада Қазақстан намысын 33 спортшы қорғайды.

Отандық спортшылар тоғыз спорт түрінен бақ сынайды: джиу-джитсу, каратэ, самбо, спорттық өрмелеу, жекпе-жек өнері, муай-тай, көркем гимнастика, спорттық бағдарлау және нысана көздеу.

Биылғы жарысқа әлемнің 118 елінен шамамен 5000 спортшы қатысады. Турнир бағдарламасына 34 спорт түрі мен 60-тан астам медаль жиынтығы кірген. Олимпиада бағдарламасына енбейтін бұл спорт түрлері үшін Дүниежүзілік ойындар — халықаралық деңгейде көзге түсудің бірегей мүмкіндігі.