21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақ төрешілері Чемпиондар лигасының матчтарына тағайындалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақ төрешілері Чемпиондар лигасының матчтарына тағайындалды

УЕФА 2025/26 маусымындағы футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі ойындарына қазақстандық төрешілер Төрехан Тұрсұмбаев пен Аслан Галаевты тағайындады.

Аслан Галаев 7-топтың матчтарын басқарады. Бұл топқа Румынияның «Юнайтед Галац», Люксембургтің «Дифферданж 03», Әзербайжанның «Араз» және Нидерландтың «Тайгерс Рурмонд» клубтары енген. Барлық ойындар «Юнайтед Галацтың» алаңында өтеді.

Ал Төрехан Тұрсұмбаев 8-топтың ойындарына төрелік етеді. Бұл топта Украинадан «ХИТ Киев» пен «Аврора Тим», Словенияның «Врхника» клубы және Солтүстік Македонияның «ФОРКА» командасы бақ сынайды.

Айта кетейік, бұл екі топ футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің «В» санатына жатады. Элиталық кезеңге тек өз тобында бірінші орын алған командалар жолдама алады.