26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қазақ патшасы» Заурбек WBO рейтингінде жоғарылады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қазақ патшасы» Заурбек WBO рейтингінде жоғарылады

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді.

Енді «Қазақ патшасы» лақап атымен танымал спортшы 14-орынға жайғасып отыр. Бұл өткен аймен салыстырғанда бір саты жоғары нәтиже.

Сұлтан Заурбек 5 сәуірде Астанада өткен жекпе-жекте оңтүстікафрикалық Азингу Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін иеленген болатын.

Ал WBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағын әлі де мексикалық Эмануэль Наваррете (40-2-1, 32 KO) ұстап отыр. Титулға басты үміткерлер қатарында филиппиндік Чарли Суарес, жапониялық Кеничи Огава және тағы бір филиппиндік Марк Магсайо бар.