08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақ футболшылары Бельгияда масқара болды

Қазақ футболшылары Бельгияда масқара болды

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчы аясында Қазақстан Бельгиядан ірі есеппен ұтылды.

Ұлттық құрамамыз Брюссельде алаң иелеріне 6:0 есебімен жеңілді. Гол авторлары: Кевин Де Брюйне (42, 84), Жереми Доку (44, 60), Николас Раскин (51) және Томас Менье (87).

Бес турдан кейін Қазақстан үш ұпаймен J тобында төртінші орында тұр. Бельгия 10 ұпай жинап, көшбасшылар қатарына қосылды.