06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақ боксшысы WBA Asia белбеуін нокаутпен қорғады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақ боксшысы WBA Asia белбеуін нокаутпен қорғады

Қазақ боксшысы Елшат Нығметолла (22-0-2, 8 KO) Қытайдың Сучжоу қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде индонезиялық Тибо Монабесаны (22-3-2, 8 KO) техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Asia тұжырымындағы бантам салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Бұл жеңіс Нығметолланың кәсіби мансабындағы 22-ші жеңісі болды, ал Монабеса үшін үшінші жеңіліс ретінде тіркелді. «Қазақ жауынгері» лақапатымен танылған Елшат 2025 жылдағы үшінші жекпе-жегін өткізіп отыр:

  • ақпанда индонезиялық Фласидус Нуноны нокаутқа түсірді;

  • мамырда намибиялық Филлемон Нгутенаньеға қарсы тең түсті.

Осы жолғы айқын жеңіс Елшаттың жеңімпаз сериясын жалғастырып, аймақтық рейтингтегі позициясын күшейтті.